Жаңалықтар

Бойжеткендер пәктігін үш минутта қайта қалпына келтіреді

Қазақстанда «қыздық белгісін» үш минутта қайта қалпына келтіретін қызмет түріне сұраныс күн санап өсуде. Кей арулар «пәк болу» үшін 100 мың теңгесін де сарп етуден тайынбайды деп хабарлайды NUR.KZ порталы «Экспресс К» басылымына сілтеме жасап.

Елімізде бойжеткендер пәктігін үш минутта қайта қалпына келтіруді сәнге айналдырды (+18)Фото: kupontik.ru

Өзін «пәк етіп» көрсеткісі келетін арулар интернет-дүкендерден жасанды қыздық пердені сатып алып, жұбайын алдауға кіріскен. Тіпті жасанды қан іздерін қалдыратын заттар да сатылымда бар екен. Оларды жыныстық қатынастан бір сағат бұрын әуретті жеріңе орнатсаң болғаны, алғашқы кездегідей қан іздері қалады.

Алайда кейбірі сапасыз түрін сатып алып, өтірігі ашылған кездері де баршылық дейді психолог Ольга Петрова.

«Бір күні маған 20 жастағы бойжеткен келді. Ол сапасыз қыздық пердені сатып алып, өтірігі ашылған екен. Бойжеткен бәрін ойдағыдай жасап, тіпті алғашқы кездегідей қатты ауырғандай сыңай танытқан. Сүйіктісінің пәктігіне сеніп қалған күйеуі үстіне жұғып қалған қан іздерін жууға әрекет жасайды. Алайда терісіне сіңіп қалған қызыл бояу өшпей, ұятты болады. Жігіт алданғанына ашуланып, ғашығын соққыға жыққан. Қолын сындырып, бәрін ата-анасына жайып, ажырасып кеткен», – деп есіне алды Ольга.

Қазақстанда гименопластикаға деген сұраныс айтарлықтай өскен. 5-7 күнге кепілдік беретін ота 40 мың теңгеге түседі. Ал ұзақмерзімді гименопластика үшін 100 мың теңгесін де аямайтындар бар екен.

Жоғары білікті 23 жастағы дәрігер Владимир Цой көптеген қазақстандық аруларға «пәктігін қайтаруға» көмектескен екен. Алайда олардың есімдерін ақ халатты құпияда сақтайды.

«Әдетте қыздар қойылым қоймай, шындығын айтады. Олар дәрігеріне сенгендіктен, мен де олардың сенімін ақтауым керек. Оларды сөгуге еш құқым жоқ. Жағдайлар әртүрлі болады. Бірі зорланса, бірі алданып қалады. Ал кейбіріне ол, тіпті маңызды емес. Мәселен, бір клиентім, керісінше пәктігінен айыруды сұрады. Мансапта жетістіктерге жеткен келіншек 35 жасына дейін жыныстық қатынасқа түспеген екен. Кейін жақсы ер кісіні жолықтырып, өзінің бұл тұрғыда тәжірибесіз екенін айтуға ұялған. Бұл жағдай мен үшін ең таң қаларлық болды», – дейді Владимир.

Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.

Дереккөз: Nur.kz

12 Comments

Пікірлер

5 + 7 =