Мақпал Жүнісова өмірлік жары болған Заманбек Нұрқаділовтің өзіне деген махаббаты туралы айтты. Бастапқыда әке мен қызы ретінде сыйласқан жұптың арасында махаббат оты қалай пайда болды?

Бұл сұрақтың жауабын әнші «Hit TV» арнасына берген сұхбатында айтты, – деп жазады nur.kz.

«Біз бір жыл бойы қызы мен әкесіндей өмір сүрдік. Мен мысалы бата алмадым. Бірақ еркек адамдар ондайға мықты келеді ғой, ал мен бата алмайтынмын. Бір ағам сияқты, туысым сияқты сыйлап, «сіз-сіз» деп жүрдім. Сөйтіп жүріп Зәкең дәлелдеді ғой махаббатын», – дейді білдей бір қала әкімін өзіне қаратқан әнші.

«Шешеміз айтатын ер-азаматтың әйелден ең болмағанда бес жас үлкен болуы керек дейтін.  Зәкең де менен жиырма жас үлкен, солай кездесті. Басында шошығанмын… «Жиырма жас үлкен, қалай мен ол кісімен тұрамын?», – дейтінмін. Бірақ кейіннен үйренісіп кеттік қой. Ол кісі жасара бастады, мен қартая бастадым. Солай болады екен өзі. Үлкен кісі жас қызды алған кезде сенің жас гормондарың соған кетеді екен, үлкен кісінікі саған келеді.

Сені жақсы көріп тұрған адамның махаббатын сезесің ғой. Ол кісі маған хаты арқылы, әдемі-әдемі ашық хаттары арқылы хат жолдап тұрды. Оның артына «Азамат» және т.б. лақат атын  жазып қоятын. Ол кісі қаланың бастығы болды ғой. Өзін жасырғысы келді ме, әйтеуір солай жазатын. Сыйлықтар жіберіп тұрды.

Менен енді жимырма көйлек бұрын тоздырған адам. Көп оқыған, көп біледі, оқуды қызыл дипломмен бітірген өте сабырлы, дана кісі. Ол кісі маған ессіз ғашық болып қалды. Оның маған деген сезімін көрген соң мен де кейіннен ғашық болып, аяғына құладым. Ол кісінің қиындығына бірге көніп, қуанышына бірге қуанып, суығына бірге төздім», – деді ол.

Осылайша, өзінің өмірі мен махаббатынан сыр ақтарған ол қыз-келіншектерге сабырлы болуы керек екенін айтты.

Пікірлер

3 + 1 =