Алматыда жаңа бар ашылады. Осылай деп атышулы блогер Айжан Байзақова өзінің Instagram-парақшасына видеоүндеу жолдады. Бұл туралы sn.kz порталы жазды.

– Жақында біз жаңа бар аштық. Түнгі сағат 1-ге дейін қыздарға арналған керемет сыйлығымыз бар. 19 қаңтар күні бәріңізді күтемін. Қыздар, жігіттер, келіңіздер! Өйткені, бізде ең керемет қыздар болады, – деді Байзақова.

Айта кетейік, Байзақованың бұған дейін Алматыда Zakova деп аталатын түнгі клубы болған. Былтыр желтоқсанда аталған клубта Айжан қыздарды ақшаға шешіндіргеннен кейін қоғамда шу шығып, клуб ақыры жабылып тынды. Блогердің өзі болса интернетте жалаңаштанып шешінгені үшін және алкоголь мен темекіні жарнамалағаны үшін үш тәулікке қамалды. Қамаудан шыққан Байзақова қоғамда шу шығарғандарға ерегісіп, «мен сендерге әлі көрсетемін» деп сес көрсеткені де есте.

Қыз шешіндіргені үшін Айжан Байзақова 26 желтоқсан күні әкімшілік жауапқа тартылып, үш күнге қамауға алынған. 29 желтоқсан күні жазасын өтеп шыққан блогер өзін қолдағандарға ерекше алғысын білдірген. Ал, 2 қаңтар күні клубтың жабылғаны белгілі болды.

Пікірлер

6 + 4 =