Бразилияда телефонын қуаттағышқа қойып, одан әуен тыңдап тұрған 17 жасар қыз қайтыс болды. Туыстары оның еденде жатқан жансыз денесін көрген.

Бұл туралы  Mirror жазды, деп хабарлайды Stan.kz.

Луиза Пиньейру телефонынан әуен тыңдап тұрған жерінен тоқ соғып қайтыс болды.

Қатты соққан тоқтан телефон мен құлаққап ұсақ бөлшектерге бөлініп, шашылып кеткен. Еденге құлағ нқыздың құлағында құлаққаптың жарты бөлігі қалған.

Луизаны дер кезінде ауруханаға жеткізсе де қайта оянбады. Дегенмен оның қайтыс болу себебі әлі нақыланбаған. Тыстары қызды тоқтан ғана емес қатты шошығаннан да қаза болуы мүмкін, деп болжады.

Пікірлер

9 + 5 =