Иә, танымал блогер Айгүл Орынбек Бекболатқа сұрақты тура осылай төтесінен қойыпты.

Бекболат аға ұрлық жасағаныңыз рас па?

«Рас болса ел алдында кешірім сұрап, əуенді өз иесіне қайтарып беріңіз. Шабыт өнер адамына оңай келмейді. Бір туындыны шығаруға қаншама күндер мен түндер кетеді. Оны ұрлап иеленіп алу, бұл адамның дүниеге əкелген ұрпағын өлтіргенмен теңдей!

Сіз жайлы елдің пікірін салғанды жөн көрдім.

Халық кімнің кім екенін білгені дұрыс!

Бұл көксоққанның сұғанақтығы бар! Атақты əнші Ғарифолла Құрманғалиевтың үйіне барғыштап жүргенде Ғарифолланың қызы Шаһризададан архивін көруге сұрайды. Өтінішін орындап Бекболатқа Ғарифолланың жеке архивін көрсетеді. Бірақ бақылап отырмайды.

Осыны пайдаланған Бекболат қағазға түсірілген бір нотаны ешкім білмейді десе керек, жымқырып кетеді.

Алайда бұл нотаның тағы бір экземпляры басқа қағаздардың арасында болады. Осы жағдай Бекболаттың ұрлығын ашты.

Сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған нота — Ғарифолла Құрманғалиевтың архивінен табылған нота.

Бекболаттың «Елім менің» деп ат қойып, айдар тағып орындап жүрген əн осы нотадағы əуен.

Жүз пайыз айна қатесіз қайталайды. Бекболаттың мойнына ұрлығы қойылды.

Бірақ депутатығын, басқа да мүмкіндіктерін пайдаланып мойындағысы келмейді.

Керісінше, Ғарифолланың немересіне «қырам, жоям» деп дөңайбат көрсеткен. Экспертиза да қағаз бен сияны 70-жылдарға жатқызған. Және назарға ұсынылып отырған нотаның жоғары жағына «Курманғалиев» «77»деп өз қолымен жазған жазуға зер салсаңыз плагиаттық ісіне толық көз жеткізесіздер!

Сонымен қатар осы нотадағы домбырамен ойналған əуенді қоса ұсынып отырмыз. Бекболат орындап жүрген «Елім менің» əні Ғарифолла Құрманғалиевтың өз қолымен таңбалап кеткен осы нотадағы əуенін айна қатесіз қайталап тұр, салыстырып тыңдаңыз», деп жазды Айгүл Орынбек.

Дереккөзkaz.365info.kz

2 Comments

Пікірлер

6 + 9 =