Жаңалықтар

«Ресейде не істеп жүрсің?» Орыстардың қазақ әйелін кемсіткен видеосы желіде пайда болды (ВИДЕО)

Оқиғаның нақты қай қалада және қашан болғаны белгісіз. Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған видеода автобуста отырған ұлты қазақ әйелдің өзге әйелдермен ұрысып отырғаны анық көрінеді. Қазаққа жабылған өзге ұлт өкілдері оның түрі мен тілін кемсітетін ауыр сөздер айтқан. Намысқа тырысқан қандасымыз өзін кемсіткендерді жағадан алып, төбелесуге дейін барды, – деп жазады sn.kz.

Аталған видео Instagram желісіндегі kipitkom парақшасында жарияланған. Видео астына пікір жазғандардың көбі Ресей астанасында осындай проблемалардың жиі кездесіп тұратынын айтыпты. Десе де, біразы бұл жанжалды ушықтырмай, ұлтаралық алауыздықты қоздырмауға шақырып отыр.

Сондай-ақ, пікір жазғандар қатарында Қазақстандағы ұлтаралық татулықты мысалға келтірген өзге ұлт өкілдері де көп. Олар еліміздің қай қаласы болмасын, барлық ұлттың өкілі тең дәрежеде өмір сүріп жатқанына разылықтарын айтқан.

Пікірлер

9 + 8 =