Ақиық ақын Мұхтар Шахановтың ұлт қайраткерлері туралы қисық өлеңіне қатысты әншілер қауымы да пікір білдіре бастады, – деп хабарлады kaz.365info.kz.

Айта кетелік, Мұхтар Шаханов Мұқағали Мақатаевты Бұқағали Жұқатаев деп көп арақ ішкенін меңзеп жырласа, Мағжан Жұмабаевтың өліміне Мұхтар Әуезовтің де кінәсі бар деген мағынадағы өлеңдерін де жариялап жіберген. Ақыннан сұқбат алып, осыны айтқызған телеарна директоры халықтан кешірім сұрауға мәжбүр болған. Шаханов та кеше әруақтардан шындықты айтқаным үшін кешірім сұраймын деп мәлімдеді.

Ел сүйер әнші, қазақтың ерке қызы Мақпал Жүнісова бұл жайсыз жайтқа қатысты кеше пікір білдірді.

“Желіде бүгін маған осы ақпаратты бағыттап салып жіберіпті. Не айтайын, xалықтың пір тұтатын асылдарын балағаттау, әрине ұлылыққа жатпайды, басқа айтары қалмағаны ма?

Өшпес мұра қалдырған ата-бабаларымыздан кешірім сұраймын”, – деп жазды әнші өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Пікірлер

4 + 1 =