ҚР мәжілісінің жалпы отырысында төменгі палата спикері Нұрлан Нығматулин қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұловқа сын айтты, деп зхабарлайды stan.kz ақпараттық агенттігі.

Отырыста депутат Сергей Звольский Бейбіт Атамқұловқа жер серіктерінен алынған суреттердің сапасыз екенін айтты. Депутат мемлекет есебінен ғарыш суреттерін сатып алуға 1,8 млрд теңге бөлінгенінде еске салып өтті.

“Бүгінде суреттердің сапасын өңдейтін гепортал орнатып жатырмыз. Осы мәселені қолға алдық. Топырақ ылғалдылығын анықтау, шегірткелердің қаптауы, өнімділік және тағы бақа қажетті міндеттерге сәйкес суреттердің сапасын арттыруды көздеп отырмыз”, — деді Атамқұлов.

“Сонымен сурет сапасы жақсара ма, жоқ па? Бір сұрақтың астында айналшықтап жүріп алдыңыздар ғой. Мемлекет есебінен ақша бөлінген соң жарамды болу керек қой. Қысқасы, біреумен айырбастайсыз ба, өзіңіз түсіріп әкелесіз бе, ауыл шаруашылығы минстрлігін сапалы суреттермен қамтыңыз”, – деді Нығматулин.

“Тағы айтайын дегенім, біздің суреттердің бағасы шет елдің коммерциялық ұйымдармен салыстырғанда кәдімгідей арзан”, — деді Атамқұлов.

Бұл сөзден соң депутаттар ду күлісті.

“Сіз министр емес, Алай базарының “менің тауарым жаман болса да арзан” деп тұрғандар сияқтысыз”, — деп күлді Нұрлан Нығматулин.

Пікірлер

7 + 8 =