Кейбір деректер бойынша 9 –жасар қыздардан 90-жастағы қарт әйелдерге дейін зорланған.

Совет солдаттары екінші дүниежүзілік соғыста жаппай немістің бейбіт әйелдерін зорлаған. Бұл Совет-Герман соғысындағы ауыр қылмыстардың бірі. Алайда, КСРО-ның заңды мұрагері Ресей бұл фактілерді мойындамайды. Бұрыңғы КСРО құрамындағы кейбір елдер де күдік келтіреді. Бұл туралы «Жас Алаш» басылымы жазды.

2010 жылы Германияда 80-жастағы физик Габриэла КЕППТЫҢ «Мен неге қыз болып тудым?» деген естелік кітабы шыққан еді. Автор 1945 жылы өз көзімен көрген өміріндегі ең азапты екі апта туралы жазады. Бұл кітапта неміс қоғамы ұзақ жылдар бойы айтылмаған шындық жазылған. Қарт профессор өзін бір күнде бірнеше рет совет жауынгерлерінің қалай зорлағанын суреттейді.

Габриэлла Кепп Берлиндегі Азаттық радиосының тілшісі Юрий ВЕКСЛЕРГЕ берген сұхбатында сол сұмдықтарды әлі де түсінде көретінін айтқан. Совет сарбаздарының жаппай зорлауына байланысты Ватикан әйелдерге түсік жасатуға рұқсат берген. Кейбір деректер бойынша 9 –жасар қыздардан 90-жастағы қарт әйелдерге дейін зорланған.

Жазықсыз әйелдердің тағдыры жайлы немістің әскери тарихшысы Йоахим ХОФФМАНН «Сталинская истребительная война» атты еңбегінде жазған. Британиялық тарихшы, жазушы Энтони БИВОР да «Падение Берлина» кітабында тоқталған. Совет армиясында қатардағы сарбаз болған Николай НИКУЛИН де «Воспоминания о войне» деп аталатын естелігінде совет солдаттарының қылмысын әшкерелеген. zhasalash.kz сайты Николай Никулинның естелігінен кейбір үзінділерді жариялаған еді.

2013 жылы youtube.com желісіне соғыс ардагерінің жаппай неміс әйелдерінің зорланғаны жайлы айтқан видеосы жарияланған болатын.

Пікірлер

8 + 2 =